Жамбыл облысында карантин талаптары күшейтілді. Көпшілік жиналатын нысандардың жұмысына тыйым салынды. Бүгіннен бастап ойын алаңдары мен жабық үй-жайлардағы аттракциондар қызметіне рұқсат жоқ. Бұдан бөлек көрермендердің қатысуымен спорттық шараларды, жиын-той өткізуге болмайды. Ал, медициналық орталықтар мен қоғамдық көліктерге қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат берілді. Сонымен бірге, сұлулық салондары, азық-түлік дүкендері, жабық базарлар да қатаң талапты сақтай отыра жұмыс істейді.
Бағлан Қыдырбаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Қоғамдық тамақтану обьектілерінде толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай таңғы 7:00-ден түнгі 00.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
Сәбит Әлдебай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында карантин талаптары күшейтілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139701/)