Елордада халықты вакциналау ерекше қарқынмен жүргізіліп жатыр. Қала әкімінің тапсырмасымен екпе егу пунктерінің саны 3 есеге артты. Өткен аптада «Mega Silk Way» сауда орталығында екпе егу пункті жұмысын бастаса, бүгін «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығынан да арнайы пункт ашылды. Қажеттілік туындаған жағдайда өзге де ірі орталықтар мен қонақ үйлердің базасында екпе егу ұйымдастырылады.
Ильхам Байрамлы, қала тұрғыны:
Өз еркіммен вакцина салдыруға келдім. Себебі өзімді және жақындарымды қорғағым келеді. Екпеден кейін ғана жеңген талай пандемия болған. Мұны да солай жеңуіміз керек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Хан Шатырда» екпе егу пункті ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139706/)