Үндістанда коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді. Жексенбі күні бұл инфекция 261500 адамнан табылды. Осылайша, ковидке шалдыққан науқастар саны 15 миллионға жақындап, оңтүстіказиялық мемлекет қауіпті ауруды жұқтырудан әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты.
Әсіресе, ел астанасындағы эпидемиялық ахуал қиын. Өткен тәулікте Нью-Делиде 25 мыңдай адамнан коронавирус табылды.
Дәрігер-сарапшылардың пікірінше, Үндістанда пандемияның қайта күшеюіне былтыр карантиннің ерте жеңілдетуі себепші. Ал, планета бойынша Covid-19-ға шалдыққан науқастар саны 141 миллион асып отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда бір тәулікте 261 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139707/)