Еліміздің солтүстік өңірлерінде күн күрт суып, жұртты әбігерге салып жатыр.
Табиғаттың тосын мінезі әсіресе жүргізушілерге қиын тиді. Мәселен бұл Нұр-Сұлтан-Қарағанды бағытындағы жол. Қар мен көк тайғақтың кесірінен көлік қозғалысы қиындаған.
Ал Қазгидромет болса, күн райының бұзуылуына орай, дабылды ескерту жариялады. Болжам бойынша еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, ал солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Әрі секундына 20-25 метрге дейін жел соғып, найзағай ойнайды. Тіпті Алматы, Жамбыл облысындарында да үсік жүруі мүмкін. Синоптиктер суық ауа райына Скандинавия түбегінен келетін антициклон себеп дейді.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда күн күрт суытады: Синоптиктер дабылды ескерту жариялады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139712/)