Енді халықтың жабылып қалған банк депозитінде жатқан ақшасы зейнетақы қорына аударылады. Жаңа ереже 1 мамырдан бастап күшіне енеді. Лицензиясынан айырылған банкте жатқан қаражатты азамат 1 жыл ішінде алмаса, ол жеке зейнетақы шотына аударады. Қазір жұмысын тоқтатқан банктегі соманы қайтарып алу үшін Депозиттерге кепілдік беру қорына өтініш беру қажет. Ақша агент банк арқылы қайтарылады.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жабылған банктегі ақша зейнетақы қорына аударылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139799/)