Израиль жарты жылдан кейін халықты вакциналау науқанының екінші кезеңін бастауды жоспарлап отыр. Келесі раундта 12 мен 15-тің арасындағы балаларға да екпе салынуы мүмкін.
Мұны премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдеді. «Сол науқанға йықтарыңыз бен бұлшық еттеріңізді және балаларыңызды әзірлей беріңіздер», - дейді Израиль үкіметінің жетекшісі.
Айта кетсек, израильдіктер осы айда маска тағуды тоқтатты. Себебі, бұл елде жасы 16-дан асқан тұрғындардың 81 пайызына америкалық «Файзер» иньекциясы егілген.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Израильде балаларға КВИ-ге қарсы екпе салынуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139820/)