Жанар-жағармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына әсер етуі мүмкін. Өнеркәсіп пен кәсіпкерлер одағы өкілдерінің айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдері 5%-ке қымбаттайды. Бензин бағасының өсуі тауардың құнына жанама әсер ететінін жеткізді. Тасымалдаушылар мен арадағы делдал енді қымбат тұратын жанармай құнын қоса есептеуі мүмкін. Елде АИ-92 маркалы бензин литрі 184 теңгеге дейін жетті. Өткен айда ақпанға қарағанда 5%-ке қымбаттады.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауыл шаруашылығы өнімдері 5%-ке қымбаттауы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139852/)