Қайырымдылық - қадірлі әрі ізгілікті іс. Қасиетті Рамазан айында Алматы Орталық мешітінде «Жетім көрсең, жебей жүр» шарасы өтті. Қайырымдылық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалары бар, көмекке мұқтаж отбасыларға және ата-анасының қарауынсыз қалған жетім балаларға азық-түлік себеттері таратылды. Мешіт қызметкерлері мен еріктілер 500 себетті бүгін әр жанның үйіне дейін жеткізіп берді.
Еркінбек Шоқай, Алматы қаласының бас имамы:
Біз бұрын осындай шаралар өткізген кезде отбасыларды осында жинап, барлығын бір жерден үлестіретінбіз. Карантиндік шараларға байланысты көпбалалы обасылардың, жетім-жесірлердің тізімдері бойынша үйлеріне Рамазандағы сыйлықты жеткізетін боламыз.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы орталық мешітінде мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139910/)