Алматыда вакцинациялау қарқынды жүргізіліп жатыр. Алып шаһарда бір тәулік ішінде 6 530 тұрғын екпе салдырды. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1 ақпаннан бері вакцина алғандар 162 мың адамға жеткен. Бүгінде қала бойынша 205 екпе салу пункті жұмыс істеп тұр. 406 вакцинация бригадасына 1 800 медицина қызметкері жұмылдырылған. Алматы әкімдігі қала тұрғындарын екпе салдыруға шақырады. Вакцина алу тегін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда бір тәулікте 6500 адам Кви-ге қарсы вакцина салдырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139919/)