Уылдырық шашу кезінде балық аулауға тыйым салынғанына қарамастан өзен-көлдерге заңсыз ау салу тыйылмай тұр. Тек Шығыс Қазақстанда 4 күннің ішінде 70-ке жуық заңсыз балық аулау дерегі тіркелді.
Браконьерлерді Табиғат қорғау инспекторлары тікұшақпен қуып жүріп ұстады. 20-ға жуық қайық табылды. Қамыстың ішіне жасырылған ескек, мотор қайығы мен қапшықтағы торлар да тәркіленді. Заңсыз балық аулағандардың бәріне әкімшілік айыппұл салынды.
Әсет Қизатов, облыстық Полиция департаментінің аға инспекторы:
Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан аумағы бойынша заңсыз балық аулағаны үшін 62 азамат әкімшілік жауапқа тартылып, 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстанда заңсыз балық аулағандар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139924/)