Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орны аумағында жұмысшылар мінген автобус КамАЗ-ға соғылып, 8 адам зардап шекті. Алдын ала болжам бойынша, КамАЗ қарсы бағытқа шығып кеткен. Автобуста «Прорва» кен орнына кетіп бара жатқан мердігер мекеменің 11 қызметкері болған. Қазір 1 адам бас-ми жарақатымен ауруханада жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда жұмысшылар мінген автобус жол апатына ұшырады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139944/)