Түркияда Thodex криптовалюталық биржасына алаяқтық жасады деген айып тағылып, 62 адам тұтқындалды. Бұл қаржы алаңы кеше сауданы еш ескерутсіз тоқтатқан. Салдарынан 391 мыңнан астам адам жеке шоттарына кіре алмай, шамамен 2 миллиард доллар жымқырылды деген күдік бар. Ал Thodex-тің бас директоры Фарук Фатих Өзер сәуірдің 20-да елден кетіп, әлеуметтік желілердегі парақшаларын өшіріп тастаған. Оқиғаға байланысты Ыстамбұл бас прокуратурасы тегеу жүргізіп жатыр. Өткен аптада ел үкіметі криптовалютамен сауда-саттық жасауға тыйым салған соң, түрік қор нарығында тұрақсыздық пайда болған.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркияда криптовалютамен алаяқтық жасаған 62 адам тұтқындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139945/)