Лицензиясынан айырылған Қазақ банкі салымшыларына өтемақы төлеу мерзімі ұзартылды. Енді азаматтар банк картасындағы немесе депозиттегі ақшасын келесі жылдың мамырына дейін ала алады. Ол үшін агент банк ретінде танылған ВТБ-ға өтініш жазу керек. Ал осы уақытқа дейін салымшылардың 33 пайызы ғана Қазақ банкіндегі ақшасын қайтарып алған. Оларға 20 миллиард теңге төленіп отыр.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Qazaq banki салымшыларына өтемақы төлеу мерзімі ұзартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139957/)