![Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендеп келеді - Цой](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/4/27/1619498528675.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендеп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Айтуынша, ауру жұқтырудың күн сайынғы өсімі наурыздың соңындағы 46%-дан өткен апта ішінде 8%-ға дейін төмендеген.
Өлім-жітім өсімі де өткен аптада алдынғымен салыстырғанда 30%-дан 8%-ға дейін азайды.
Десе де эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанымен, 10 өңір әлі де «қызыл» аймақта тұр.
Науқастану көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингіде Қазақстан 221 елдің ішінде 108-орында, ал өлім-жітім бойынша 107-орында тұр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендеп келеді - Цой&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140053/)