Маңғыстауда бекіре балығын саудалаумен айналысатын браконьерлердің жолы кесілді.
Кеше Форт-Шевченко қаласындағы жекеменшік үйлердің бірінен 3 тоннаға жуық бекіре балығы тәркіленді. Браконьерлер оны 7 тоңазытқышта сақтап қойған. Күдікті ретінде үй иесі тергеліп жатыр. Осы іске қатысы барлар анықталуда.Қылмыстық іс бойынша кінәсі анықталса, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу көзделген. Мемлекетке 800 млн теңгеге жуық шығын келтірілді.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстауда 3 тоннаға жуық бекіре балығы сақталған қойма табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140109/)