Латвия астанасы Ригадағы хостелдердің бірінде өрт болып, сегіз адам қаза тапты. Тоғыз тұрғын жараланып, 24 адам эвакуцияланды. Меймандардың көбі – шетел азаматтары. Оқиға шамамен таңғы сағат 5.00-де болған. Алты қабатты ғимараттың дәлізі мен бөлмелері және шатыры жанып кеткен. Өртті сөндіруге 50-ге тарта маман жұмылдырылды. Қала басшылығының хабарлауынша, хостел заңсыз жұмыс істеп тұрған. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, апаттың себептері анықталып жатыр.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Латвияда хостел өртеніп, 8 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140121/)