Көппәтерлі тұрғын үйлер баспананы басқарудың жаңа әдісіне көшіп жатыр. Пәтер иелері кооперативінің орнына мүлік иелері бірлестігі құрылып жатыр. Қазірдің өзінде ел бойынша 2800-ден аса бірлестік құрылған. Яғни баспана иелері өздері тұрғын үйді басқарады. Бастысы бәрі ашық. Бір үй-бір есепшот қағидасы бойынша жұмыс істейді. Тұрғындар үй кешенін дамыту, абаттандыру, көгалдандыру секілді жоспарына қатысты шешім де қабылдай алады. Бүгінде елорданың өзінде 250-ден аса мүлік иелері бірлестігі жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі «Экспо қала». Жаңа жүйенің арқасында аз уақыттың ішінде біраз шаруа тындырған.
Дәурен Сапарбек, «Экспо қала» мүлік иелері бірлестігінің төрағасы:
Камера санын көбейтеміз деген ойдамыз. Мысалға паркингте бізде камералар көп емес. Аулада өзіміз тал егеміз деген жоспар бар.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда 2824 мүлік иелері бірлестігі құрылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140172/)