Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы атыс болып, бір адам жараланды. Жанжал кеше Қырғызстандағы Баткен облысына қарасты Көк-Таш ауылы маңында басталған. Оған тәжіктердің елді мекен жанындағы бағандарға бейнекамералар орнатуы себеп. Ауыл тұрғындары бұған наразылық білдірген соң, екі тарап бір-біріне тас лақтырды. Ал бүгін жағдай тіптен ушығып, Тәжік азаматтары Көк-Таштағы әскери бөлімше мен жолдағы көліктерге оқ атқан. Қазір шекараға жақын үш ауылда төтенше жағдай енгізілді. Екі елдің күзет қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Жансая Қапасқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140190/)