Еуразиялық экономикалық одақ пандемиядан кейінгі қалпына келу кезеңіне өтуде. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин осылай деді. Қазан қаласында өтіп жатқан басқосуда Үкімет басшысы одақ елдері арасындағы өзара сауда көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өтті. Мәселен, қаңтар-ақпан айларында өзара сауда 9 млрд долларды құраған. Отырыс барысында өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2025-жылға дейінгі бағыттары бекітілді.
Асқар Мамин ҚР премьер-министрі:
Халықаралық нарықта өзгеріс тым жылдам. Сол себепті ортақ өндірістік жүйелерді қалыптастыру қарқынын едәуір жеделдету, өнеркәсіптік кооперацияны, одақтың қайта өңдеу әлеуетін арттыру және шоғырландыру қажет.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ЕАЭО пандемиядан кейінгі қалпына келу кезеңіне өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140270/)