Қарағанды облысында мешіттерге далада ұжымдық іс-шаралар өткізуге рұқсат етілді. Бұл шешім бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес қабылданды. Сондай-ақ, вакциналау паспорты және соңғы үш күнде алынған ПТР тесттің теріс нәтижесі бар азаматтарға, медициналық-әлеуметтік нысандарға баруға рұқсат. Жүкті әйелдер мен жағдайы ауыр науқастар медициналық ұйымға зертханалық тексеру нәтижелерін күтпей-ақ кіре алады. Сондай-ақ, жаңа қаулы аясында өңірде «Ashyq» пилоттық жобасы іске асырылатын мәдени және кәсіпкерлік нысандарда жұмыс уақыты ұзартылды.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында шектеу шаралары жеңілдетілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140398/)