Жеңіс күні қарсаңында Ақтөбе халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі берілді. Бүгін ұйымдастырылған мерекелік шараға батырдың туыстары мен қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысты. Сондай-ақ, әуежайдың кіреберісіне қазақтың қайсар қызының құрметіне бюст қойылды. Мерген қыздың мүсінін ақтөбелік Жеңіс Жұбанқосов бейнелеген. Биіктігі 3 метрге жуықтайды.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлова есімі берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140405/)