Мамандар екпеге қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырады. Адам ағзасындағы иммунитет екпе салу арқылы ғана қалыптасады. Оның коронавирусты жеңетіні де содан. Қазіргі таңда Қазақстанда ресейлік Спутник V, Hayat-Vax және QazVac екпелері салынып жатыр. Синофарм Hayat-Vax вакцинасы Қытай технологиясы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінде өндіріледі. Дәрігерлер оның халыққа еш зияны жоқ екенін айтады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мамандар екпеге қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140431/)