Электрондық аукцион өткізуге қойылған шектеу алынып тасталуы мүмкін. Энергетика министрлігі тиісті заңнамаға түзету енгізілетінін хабарлады. Қазақстанда жер қойнауын барлау және пайдалану құқығын беретін сауда-саттықты жылына тек 2 рет өткізеді. Жауаптылар мұндай аукцион арқылы жерге меншік құқығы емес, тек жер қойнауын пайдалануға ғана рұқсат берілетінін еске салды. Соңғы рет онлайн сауда-саттық 23 сәуірде өтіп, оған 8 мұнай-газ учаскесі шығарылған еді.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Электрондық аукцион өткізуге қойылған шектеу алынып тасталуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140439/)