Қарағандыда автобус паркі 1 млрд 3 млн теңгеге сатылымға қойылды. Ғимараттың ауданы 25 мың шаршы метр. Жер учаскесінің аумағы 8 гектар. 120 автомобиль мен арнайы техикасы бар. Кәсіпорын қала ішінде 9, қала маңына 3 қоғамдық көлікпен жолаушы тасымалдайды. Қалалық жолаушылар тасымалы секторының жетекшісі автобус паркін сату мәселесі транспортты тоқтатпайды. Бұрынғыша қызметі жалғаса береді,-дейді. Бірақ әкімдік өкілдері не себепті саудаға шығарылғанын айтпады. Былтыр карантин шектеуі кезінде өңірдегі автобус тасымалы 3,4 есе қысқарған.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда автобус паркі 1,3 млрд теңгеге сатылымға қойылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140440/)