Көкшетауда өткен демалыста алапат өрт болып, саяжайдағы 16 үй жанып кетті. Жалпы 5 гектар аумақ қызыл жалынға оранды. Зардап шеккендер жоқ. Алдын-ала болжам бойынша өрттің шығуына қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болған. Далада қоқыс жаққан, кейін қурап тұрған шөпті от шарпыған. Шығын көлемі есептеліп жатыр.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көкшетауда өрттен саяжайдағы 16 үй жанып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140483/)