Петропавлда тұрғындар емханаға бармай-ақ жылжымалы кешендерде екпе салдыра алады.
Арнайы медициналық қондырғылармен жабдықталған 3 автобус жұмыс істейді. Жылжымалы пункттердің халықты қабылдайтын орны алдын-ала хабарланады. Жалпы Солтүстік Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 56 мыңға жуық адам алса, екіншісін 20 мыңнан астам тұрғын салдырып үлгерді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Петропавлда жылжымалы екпе салу пункттері ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140518/)