Ала-құла талап кәсіпкерлерді тақырға отырғызатын болды. «Қызыл» аймақта тұрғанына қарамастан карантиндік шектеулер әр қалада әр түрлі. Мәселен, Елордада жазғы дәмханалар түнгі сағат 12-ге дейін ашық болса, Теміртауда кешкі 8-ден кейін жұмыс істеуіне рұқсат жоқ. Осыны негізге алған «Ақ жол» фракциясының өкілдері денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға сауал жолдады. Олар бизнесті шектеу талаптарын біріздендіріп, жалпыға ортақ стандарт бекітілуі керек,-деп отыр. Сондай-ақ еңбеккерлері 100% вакцина салдырған шағын-орта бизнес иелеріне кедергі келтірмеуді сұрады. Дүниежүзілік банктің зерттеуінше пандемия кезінде тұрмысы төмендеген адамдар саны 1 жарым млнға жеткен. Бұлар – негізінен кәсіпкерлер мен бизнес саласында еңбек ететін адамдар. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының дерегінше 430 мыңдай бизнес нысаны жабылған.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Карантиндік шектеулерді біріздендіру керек -Депутаттар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140636/)