Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы «Керуен-сарай» кешеніне барды. Тұңғыш Президент мұнда театрландырылған судағы шоуды тамашалады.
«Керуен-Сарай» кешенінде «Жібек жолы» дәуірінен сыр шертетін саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «Ұшатын театр» мен ат ойындарын өткізетін амфитеатр орналасқан. Сондай-ақ, шығыс базары, сауда орындары, қонақүйлер мен мейрамханалар, отбасылық ойын-сауық орталықтары бар. Олар бір-бірімен су арналары арқылы жалғасып жатыр. Сол үшін Керуен-Сарайды «Қазақстандағы Венеция» деп атап кеткен. Кешенді аралаған Елбасы бұл туристердің сүйікті орнына айналатынына сенім білдірді.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы «Керуен-сарай» кешенін аралады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140637/)