Жыл басынан бері 6 мыңға жуық этникалық қазақ отанға оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде 1 млн 76 мыңнан аса қандасымыз елге оралған. Олардың 76 пайызы - Өзбекстаннан, 10%-ы Қытайдан, 5,5%-ы Түрікменстаннан, 3 %-ы Моңғолиядан және 4%-ы басқа елдерден келген. Көпшілігі Алматы, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласына қоныстанды. Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қазақтардың үлесі - 57%. Ал еңбекке жұмысқа қабілетті жасқа жетпейтін адамдар - 24% және зейнеткерлер - 18%-ды құрап отыр.
Ақниет Балтанова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жыл басынан бері 5 685 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140741/)