«Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» - мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендетіп, кәсіпкерліктің үлесін арттыруды көздейді. Шағын және орта бизнес үшін тауар нарығын 2 трлн 600 млрд теңгеге дейін ұлғайту да жоспарда бар. Мемлекеттік және жеке операторлар қызметін, сондай-ақ цифрлық экономиканы реттеу де қарастырылған. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері хабарлады. Ұлттық жобаға кірмеген қосымша 30-дан астам іс-шараның жоспары әзірленген. Бұл теміржол тасымалдаушыларын, байланыс операторлары мен субсидия алушылар қатарын көбейту және бизнеске қойылатын талаптарды қысқартуға қатысты шаралар. Бәсекелестікті дамытуда бұл жобалардың да үлесі зор болмақ.
Ақниет Балтанова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық жоба бәсекелестікті дамыту үшін маңызды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140778/)