Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық даму министрі Вилле Скиннариді қабылдады.
«Финляндия Солтүстік Еуропа елдері арасындағы Қазақстанның ірі инвесторы. Біз екі елдің белсенді әрі жан-жақты ынтымақтастығын жоғары бағалаймыз»,-деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Финляндия Президенті Саули Ниинистёге сәлем жолдап, оны Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Қос ел арасында сауда-саттықты дамытып, инвестиция тарту маңызды. Осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар мен фин технологиясын трансферттеуге жеңілдік жасауға әзір екенін жеткізді. Экологиялық мәселелерді шешу, азық-түлік секторын дамыту мен киберқауіпсіздік бойынша ықпалдастық орнатуға мүдделіміз,-деп сөзін түйіндеді.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрін қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140781/)