![БАҚ өкілдері арасында Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейбол турнирі басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/5/16/1621151015807.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордада волейболдан БАҚ өкілдері арасында BAQ liga-ның бірінші маусымы басталды. Қазақ телевизиясының майталманы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған биылғы біріншілікке 8 команда қатысуда.
Шара «Қазақстан» телерадиокорпорациясы және ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстан волейбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылуда.
«Өздеріңіз білетіндей, волейбол – аристократтық, командалық рух қалыптастыратын ойын. Оны Нұртілеу Иманғалиұлын еске алу турнирі деп атадық және алдағы уақытта тұрақты өткізуді жоспарлап отырмыз. Ең басты мақсат – БАҚ өкілдері арасындағы әріптестікті нығайту. Сондықтан аптаның бір күнін бір-бірімізбен жақын танысуға арнауды ұйғардық», - деді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Ержанар Әшейхан «Еуразия» спорт кешенінде маусымның ашылу салтанатында.
Біріншілік Журналистер күніне дейін жалғасады және онда 8 команда – Ұлттық арна, «2-бап. Цензура», «7 арна», «Atameken business channel», «Qazaq radiolary», «ҚазАқпарат агенттігі», «Қазмедиа орталығы» және «Хабар агенттігі» ұжымдары сайысқа түседі.
![](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/5/16/1621151148211.jpg)
![](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/5/16/1621151191477.jpg)
![](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/5/16/1621151220455.jpg)
![](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/5/16/1621153469585.jpg)
![](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/5/16/1621153485178.jpg)
![](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/5/16/1621153504975.jpg)
![](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/5/16/1621153519843.jpg)
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БАҚ өкілдері арасында Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейбол турнирі басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140814/)