Батыс Қазақстандағы Қарашығанақ кен орнында 9 жұмысшы тамақтан уланып, ауруханаға түсті. Бастапқыда олардың екеуі жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазір бәрі де Бөрлі аудандық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр. Жағдайы орташа. Тексеру кезінде мұнай компаниясының 7 қызметкері көпшілік асханада кешкі тамақ ішкені анықталды. Екі жұмысшы асты үйге алып кеткен.
Зухра Ермұханова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы:
Бүгінде осы асханаға қатысты жоспардан тыс тексеру басталды. Зертханалық зерттеулер алынып, олардың нәтижелерін анықтаймыз. Эпидемиологиялық тергеу жалғасуда.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҚО-да мұнайшылар астан ұшынып, ауруханаға түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140837/)