Қызылордада жеңіл автокөлік жол бойындағы каналға аударылып, бір жолаушы ажал құшты. Škoda маркалы көліктің ішінде барлығы 5 адам болған. Оқыс жағдай Қызылорда-Жезқазған трассасының қаладан шыға беріс тұсында болған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, суға толы каналға ауып кеткен.
Қайғылы оқиғадан қаза тапқан жолушы - 1961 жылы туған ер адам. Қалғандары дәрігерлердің көмегінен кейін үйіне қайтарылды. Арнайы техниканың көмегімен көлік судан шығарылды. Жалпы соңғы бір аптада өңірдегі су айдындарында үш адам ажал құшты. Соның біреуі- бала.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада жеңіл көлік каналға құлап, бір жолаушы көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140849/)