Келесі айдан бастап еліміздегі 18 жол учаскесі ақылы болады. Бұл шамамен 6 мың шақырым жол. Ол Шымкенттен Өзбекстанның, Оралдан Ресейдің шекарасына дейінгі учаскелер. Сондай-ақ Щучье-Петропавл, Шымкент-Қызылорда, Қапшағай-Талдықорған, Ақтау-Бейнеу және Нұр-Сұлтан-Павлодар, Нұр-Сұлтан-Қостанай жолдары ақылы болады. Жалпы «Нұрлы жер» арқылы 2025 жылға дейін 11 мың шақырым ақылы жол салу көзделген. Олар пайдалануға берілген соң жыл сайын 60-тан 72 миллиард теңгеге дейін ақша түседі деп жоспарланған.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маусымнан бастап 6 мыңдай шақырым жол ақылы болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140873/)