![Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұр](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/5/18/1621310211210.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Айтуынша, науқастану көрсеткіші бойынша еліміз әлемдік рейтингіде 221 елінің ішінде 105-орынға, ал өлім-жітім бойынша 106-орынға жайғасты.
«Соңғы екі аптада ауру жұқтыру өсімі алдыңғы апталармен салыстырғанда 20 пайызға төмендеді», - деді министр.
Еліміздің 6 өңірі «қызыл» аймақта тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстары;
«Сары» аймақта 5 өңір: Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы.
Ал қалған 6 өңір «жасыл» аймақта.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140885/)