Халықтың коммуналдық қызметке қарызы 15 млрд теңгеден асты. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, былтырға қарағанда тұрғындардың берешегі 600 млн теңгеге көбейген. Әсіресе Шымкент (3 млрд теңге), Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда мен Маңғыстау облысындағы азаматтардың коммуналдық қызметке қарызы көбірек. «ҚазТрансГаз-Аймақ» алдындағы қарыз 667 млн теңгеге жеткен. Тұрғындар «Богатырь-Көмірге» 1 млрд теңге берешек. Жауаптылар қызмет ақысы төленбеген соң энергия өндіретін компанияларға жөндеу уақытында жасалмайтынын айтады.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Халықтың коммуналдық қызметке қарызы 15 млрд теңгеден асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140929/)