Елордада атыс қаруын заңсыз сақтап келген 1 азамат ұсталып, 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір полицейлер қаладағы қаруы бар азаматтарды түгел тексеріп жатыр. Кеше бір күнде 400-ден астам азаматтан 14 қару тәркіленді. Көбісі қаруды сақтау тәртібін бұзғандар. Мәселен, қаруын дұрыс тіркемеген, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды заңсыз сатып алған. Сондай-ақ қазір қаруын ерікті түрде тапсырғандарға сыйақы да беріліп жатыр.
Данияр Оралов, қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:
Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 15 мыңнан азаматта өзінің аңшылық, басқа да қарулары бар. Сол қару иелерін 17 маусымға дейін түгел тексереміз. Яғни, қандай жағдайда сақталған, барлық талаптарға сай ма.
Амангелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада заңсыз қару сақтаған 1 азамат ұсталып, 9 адам жауапқа тартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140943/)