Түркістан облысында карантин талаптары жеңілдетілді. Енді азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер мен супермаркеттер, моншалар мен ашық аспан астындағы аттракциондар, бизнес-орталықтары мен туристік нысандар, демалыс орындары және қонақ үйлер қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Фитнес және спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі де 24.00-ге дейін жалғасады. Ал спорттық шаралар, бильярд, боулинг және компьютерлік клубтарға жиналатын адамдардың саны 30%-дан аспауы керек. Өңірде сондай-ақ, тойханалар мен мейрамханалардың жұмысына да рұқсат берілді.
Асқар Ысқақов, Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс жасау уақыты 22:00ден 24:00- ге дейін ұзартылды. Мейрамханалардың банкет залдарында ас беруге рұқсат етілді. Дегенмен толтыруылуы 50%-ға дейін, 50 орындықтан аспау қажет.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында тойханалардың жұмысына рұқсат берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140960/)