Шетелге қоныс аударған Қазақстан азаматтары зейнетақы қорында жатқан 10 млрд теңгесін қайтарып алды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, биыл төлем 4600-ден аса адамға қайтарылған. Алайда қаражатын алған салымшы саны былтырға қарағанда аз. 530-дан аса азаматқа қордағы ақшасы ұлттық валютамен, 4 мыңнан аса адамға рубльмен, 87 салымшыға доллармен аударылған. Жалпы биыл шетелге 5500-ден аса азамат қоныс аударған.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Азаматтар зейнетақы қорынан 10 млрд теңгесін қайтарып алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140971/)