Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Темірлан Кәрібаевтың өліміне қатысты студенттің жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, марқұмның туған-туыстарының жағдайын ескере отырып, ғаламторда Темірланның суреттерін таратпауды сұрады. Министрліктің ресми өкілінің сөзінше, қайғылы оқиға еліміздің Мәскеудегі елшілігінің жіті назарында болады.
Айбек Смадияров, ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы:
- Бүгін 26 ақпанда Қазақстанның елшілігі Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігіне ресми түрде хабарласып, бұл істі бақылауға алуды және жан-жақты қолғабыс көрсетуді сұрады.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҚР СІМ Мәскеуде қайтыс болған қазақстандық студент туралы ақпарат жариялады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/14098/)