Пандемия кезінде экономикалық өсім төмендегенімен, былтыр ауыл шаруашылығы өнімі 5,6 пайызға артқан. Ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Руслан Манатаев осылай дейді. Біздің елден 5 жылда Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне көкөніс тасымалы 4 есе ұлғайған. Жеміс-жидек 2 есе, сүт өнімдерінің экспорты 3 есе артты. Жауаптылардың айтуынша, санитарлық, ветеринарлық талапты бұзбаған жағдайда, кәсіпкерлер еуразиляқы одақ нарығына тауарын еркін саудалай алады.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ЕАЭО елдеріне көкөніс экспорты артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/140983/)