Қарағанды облысында екі браконьерлік топ қолға түсті. Табиғат қаскөйлері Ұлытау ауданында қызыл кітапқа енген қабанды атып өлтірген.
Дәл осы күні Балқаш, Приозерск қалаларында да заңсыз балық аулағандар ұсталды. Олардан 7 келіден астам балық тәркіленді. Сондай – ақ, көл жағасынан ау мен моторлы қайықтар табылды. Енді браконеьрлерге 9 млн теңге айыппұл салынады немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бақытжан Құдияров, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
Олардан 4 моторлы қайық, 2 км жуық балық аулау ауы тәркіленіп алынды. Аталған фактілерге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында екі браконьерлік топ қолға түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141041/)