Атырау-Орал тасжолында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып, 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау-Орал тасжолында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып, 3 адам қаза тапты

27.02.2019

Көлік апаты Атырау облысының Индер ауданына қарасты Көктоғай елді мекені маңында болған. Автобустағы 43 адамның 15-і - жасөспірім. Абырой болғанда, балалар аман. Оқиға орнына шұғыл жеткен 10 жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен 15 адамды Атырау қаласына, Индер, Махамбет аудандарының ауруханаларына жеткізді. Қазір құзырлы органдар апаттың себебін анықтап жатыр.

Марат Шуақбаев, Махамбет аудандық ауруханасы басшысының міндетін атқарушы:

- Біздің ауруханаға 7 адам әкелінді. Барлығына көмек көрсетіліп, ары қарай емделуге Атырау қаласына 1 үлкен кісі мен 3 бала жіберілді. Жағдайлары қалыпты. Өмірлеріне қауып жоқ.

Назымгүл Қайсағалиева, Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

- Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-ші бабының, 4-ші бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу