Солтүстік Қазақстан облысында асыл тұқымды малдан да құтырма ауруы анықталды.
Осыған байланысты Тайынша ауданы Аққұдық ауылындағы «Алабота» мал зауытында шектеу шаралары енгізілді. Серіктестік қазақтың ақбас сиыры, ангус, гольштейн тұқымды ірі-қара өсіріп, сатумен айналысады. Осымен Қызылжар өңірінде қауіпті індеттің 10 ошағы тіркелді. 6 елдімекенде карантиндік шаралар енгізілді. Қалған төртеуі бойынша ауылдық округ әкімдері шешім қабылдамай отыр. Өңірде барлығы жеті сиыр мен бірнеше ит мысықтан құтырма ауруы анықталды.
Нариман Тасболатов, Ветеринария бақармасның бас маманы:
Бұл шаруашылықта 395 бас ірі-қара мал бар. Және 340-қа жуық жылқы ұстайды. Яғни, құтырма ауруының зардабы өте үлкен.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО-да асыл тұқымды малдан құтырма ауруы анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141118/)