Шығыс Қазақстандағы жазғы демалыс базаларының жұмысына рұқсат берілді. Бастысы, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау - шарт. Бұқтырма су қоймасы, «Рахман қайнарлары», Алакөлдегі демалыс орындарында туристерді қабылдау мен дайындық жүргізу кезінде маскалық режим, әлеуметтік қашықтықты сақтау міндеттеледі. Карантин талаптарының орындалуын үнемі мониторингтік топтар тексеріп отырмақ. Туристерді 1 маусымнан бастап қабылдауға болады. Алайда, санитарлық шектеу шаралары облыс аумағындағы эпидахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ШҚО-да жазғы демалыс базаларының жұмысына рұқсат берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141121/)