Алматыда республикалық «Шабыт өрені» жас ақындар мүшәйрасы өз мәресіне жетті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған сөз сайысына 14 пен 20 жас аралығындағы ақындар қатысты. Наурызда басталып, 2 айға созылған мүшәйраның бірінші кезеңі онлайн форматта өтті. өңірлерден қатысқан 400-ге жуық үміткердің 25-і іріктеліп алынды. Соңғы сайыста қазылар алқасы үздіктерді анықтап, диплом және өзге де сыйлықтармен марапаттады. Жыр мүшәйрасын жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда жыр мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141125/)