Италияда аспалы жолдан кабина құлап, 14 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда аспалы жолдан кабина құлап, 14 адам мерт болды

24.05.2021

Италияның солтүстігінде тау арасындағы аспалы кабина 15 метр биіктіктен құлап, 14 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Маджоре көлінің маңында болған. Құрбандардың ішінде бала бар. Тағы бір бала тірі қалса да, сүйектері сынып ауруханаға жеткізілген.

Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, вагон тау басына 300 метр қалғанда, оның металл тросы үзіліп кеткен.

Теңіз деңгейінен 1491 метр биіктікте жолаушы тасымалдайтын кабина 40 адамға арналған. Бірақ, трагедия алдында оған қанша саяхатшы мінгені әлі анықталған жоқ.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу