Екі мәрте техникалық ақау шыққан Ashyq жобасы үшін вице-министр кешірім сұрады. Осындай келеңсіздіктен кейін мобильді қосымша сала министрлігінің меншігіне өтті. Енді жүйе жиі жаңартылып тұрмақ. Жалпы, қолайсыздық қайталанбас үшін вирус жұқтыру белгісін анықтайтын Ashyq -тың басқа балама түрі бар. Қазір Aitu сервисі жұмыс істеп тұр. Ал, алдағы уақытта банктік қосымшаларға да осы жүйені енгізу көзделген. Бұл қандай-да бір техникалық проблемаларды алдын алады,-деп түсіндірді. Бүгінде қаржы ұйымдарымен келіссөз жүргізіліп жатыр. Ashyq жүйесіне 1,7 млн пайдаланушы тіркелген. 2 мың 631 адамнан «қызыл», 2 мың 74-інен «сары» белгі анықталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Цифрлық даму вице-министрі Ashyq қосымшасындағы ақаулар үшін кешірім сұрады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141134/)