![Бүгін Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылады](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/5/25/1621914178759.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылады
Соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру шарасы 9 және 11-сынып оқушылары үшін ашық алаңда (мектеп ауласында) өтеді. Басқа ешқандай шаралардың өтуіне рұқсат берілмейді.
Шараға мектеп түлектерінен басқа, олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бір өкілі, мектеп оқытушылары құрамынан артық дегенде 6 адам қатыса алады.
Аттестаттарды тапсыру кезінде қол алысуға тыйым салынады. Шараға қатысушылар бетперде тағып, 2 метрлік әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті.
Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылында 3,4 млн бала мектепте білім алды. Оның 264 800-ден астамы 9-сынып түлегі, 154 400-ден астамы 11-сынып түлегі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141163/)